Елорда әкімі Алтай Көлгінов қала карантинге қандай жағдайда қайта оралуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында хабарлады.
"Бүгін қаламыздың қос жағалауын жаяу аралап жол жөндеу және абаттандыру жұмыстарын қадағаладым.
Байқағанымыз, көшеде халық көп. Кейбіреуі маскасыз, қауіпсіздік ережелерін сақтамай жүр. Төтенше жағдай аяқталғанымен, карантин режимінен әлі бас тартқан жоқпыз. Вирус әлі де бар. Біз тәртіпке бағынбаған ресторандарды жаптық. Автобустарда ережелерді сақтауды күшейттік.
Егер тәртіпке бағынбай босаңсып кетсек, қатаң режимдегі карантинге қайтып оралуымыз әбден мүмкін. Сондықтан әрбір тұрғынды жауапкершілікпен қарауға шақырамын", - деп жазды ол.