Көлік капотына туды жапқан атыраулық 138900 теңге айыппұл төледі
Көлік капотына туды жапқан атыраулық 138900 теңге айыппұл төледі
359
оқылды
Атыраулық полиция қызметкерлері темір жол вокзалы жанындағы сауда үйлерінің бірінің алдында Қазақстан Республикасының Туын көлігінің капоты үстіне төсеп алған жүргізушіні ұстады. Кеше кешке Mitsubishi L300 және Mercedes Benz көліктерінің жүргізушілері жол бойында ойларына келгенін істеп, ерсіленіп жұрт назарын өздеріне аударған. Олар вокзал алдында жол ережесін бұзып, бірнеше рет айналып маневр жасаған. Жол жабындысын ластап, белгі бермей, қауіпсіздікті сақтамағаны тағы бар. Атырау полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ерсіленіп тәртіп бұзғандарға ҚР ӘҚБтК 595-бабының 1 бөлімімен, 630 баптың 1-бөлімімен хаттамалар толтырылған. Сонымен қатар, «Mercedes Benz» көлігінің 1999 жылы туған жүргізушісіне бұдан басқа, ӘҚБтК 458 бабының 1 бөлімімен «ҚР Мемлекеттік Туын пайдалану және тәртібін бұзғаны үшін» 138 900 теңге айыппұл салынды.

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау облысы.

https://www.youtube.com/watch?v=UVBDQme-5Sk