Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа Парламент Мәжілісіндегі «Nur Otan» фракциясының қазіргі қызметі мен партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруды бақылау барысы туралы ақпарат ұсынылды, – деп хабарлады elbasy.kz.Н.Нығматулиннің мәліметі бойынша, Мәжілістің қарауындағы 137 заң жобасының 40-тан астамын «Nur Otan» фракциясының депутаттары әзірледі.Сонымен қатар Елбасына еліміздің дағдарысқа қарсы дамуын заңнамалық қамтамасыз ету аясында экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі Үкіметтің Кешенді жоспарына парламенттік фракцияның әзірлеген ұсыныстары туралы мәлімет берілді.