Павлодар қаласында Павлова 95/6 үйіндегі кіреберістердің бірі коронавирус қаупіне байланысты жабылды.
Nur Otan партиясы Павлодар облыстық филиалының қызметкерлері оқшауланған кіреберістегі отбасыларға көмек көрсетті. Белгілі болғандай, мұнда халықтың әлжуаз тобына жататын 5 отбасы тұрады екен. Бірі жалғызбасты зейнеткер болса, бірі мүмкіндігі шектеулі жан, бірі карантин салдарынан табыссыз қалған отбасы.
BizBirgemiz акциясы аясында осы отбасыларға азық-түлік, медициналық маскалар мен антисептик құралдары табысталды.