Жаңбырдың басы – тамшы, арты – қамшы
Дүйсенбі күні нөсерлеп жауған жауынның кесірінен Нұр-Сұлтан қаласының біраз көшелерін су басты. Елордадағы бұл жағдай бірінші рет емес, бұған дейін де су басқан кездері көп еді.
[caption id="attachment_44879" align="alignnone" width="764"] ©Сурет интернеттен алынды. 2018 жылы.[/caption]
Осы мәселені реттеуді Елбасы да талай айтқан еді. «Мәселені шешеміз» деген әкімнің қай-қайсысы да, әзірге ауызды қу шөппен сүртіп келе жатқандай... Өйткені мәселе әлі шешімін тапқан жоқ.
[caption id="attachment_44880" align="alignnone" width="1024"] Сурет интернеттен алынды. 2016 жыл[/caption]
Елорда әкімі Алтай Көлгінов те қала көшелеріндегі су "тасқынын" реттеймін деп уәде берген еді. Әкім уәдесінде тұрды ма, жоқ па, анық-қанығын білмек мақсатта жауыннан кейін қала көшелерін аралауға шықтық. Қолымызда – фотоаппарат.
[caption id="attachment_44881" align="alignnone" width="1024"] ©Айтжан Мұрзанов[/caption]
Негізі қала басшысы сәуір айының соңында Бауыржан Момышұлы даңғылы мен Асқар Тоқпанов көшесінің қиылысындағы жауын суын ағызу жұмыстарының барысын тексерген болатын. Соған орай, елордалық әкімдік бұл көшеде жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысын шектеді.
[caption id="attachment_44883" align="alignnone" width="1024"] ©Айтжан Мұрзанов[/caption]
15 мамырдан басталған жұмыс он күнде аяқталмақшы. Қала әкімдігінің ресми сайтында Бауыржан Момышұлы даңғылы мен Асқар Тоқпанов көшесінің қиылысы және Дауылпаз көшесінен Елім-Айға дейінгі учаскеде көлік қозғалысы жабылатыны хабарланған.
[caption id="attachment_44886" align="alignnone" width="1024"] ©Айтжан Мұрзанов[/caption]
Онда қазір жауын-шашын канализациясының негізгі коллекторы салынуда. Жөндеу жұмыстарына жауап беретін – «Астана сервис». Оларға тапсырыс беріп отырған – Астана қаласының коммуналды қызмет шаруашылық басқармасы.
[caption id="attachment_44887" align="alignnone" width="1024"] ©Айтжан Мұрзанов[/caption]
Жөндеу жұмысының басы-қасында жүрген участок басшысының айтуынша, бұл жер – қала ішіндегі ойпатты жерде орналасқан. Сондықтан жауын-шашыннан соң негізгі су осы тұсқа жиналады екен.
[caption id="attachment_44888" align="alignnone" width="1024"] ©Айтжан Мұрзанов[/caption]
Жиналған жауын-шашын суының көптігінен канализация коллекторы ағынды суды тазарту қондырғысына өткізіп үлгермейді. Сол себепті де осы жерде су жиналып қала береді екен.
[caption id="attachment_44889" align="alignnone" width="1024"] ©Айтжан Мұрзанов[/caption]
– Қазір біз осы қиылыстағы су өткізу жолын екі есеге кеңейтпекшіміз. Мына жерде тұрған коллектордың жанына қатарынан тағы біреу қойылмақшы. Момышұлының бойында тұрған коллектордың диаметрі – 1200. Ал Асқар Тоқпанов көшесінен келетін коллектордың диаметрі – 900. Міне, оның суы Момышұлындағы трубаға қосылады. Ол ағынды суды тазарту қондырғысына құяды. Оның диаметрі – 1200 ғана. Судың тез арада ағып өтпей, жиналып қалып жатқаны сол, – деді Андрей Штин.
[caption id="attachment_44890" align="alignnone" width="1024"] ©Айтжан Мұрзанов[/caption]
Оның мәлімдеуінше, су өткізу жолын күшейтуге Бауыржан Момышұлы даңғылына 1800-дік диаметрлі коллектор қойылады. Ал Асқар Тоқпанов көшесіне 1400-дік орнатылады.
«Сонда оңтүстік шығыстан келіп жатқан су 1400-ді коллекторға кіріп, 1800-дікке өтеді. Сөйтіп, ағынды су тазарту қондырғысына өтеді. Бұрынғы тұрған коллектор 2,70 метр тереңдікте орналасқан. Ал біз жерастындағы қойылған коммуникацияларды бұзбау үшін одан әрмен тереңдете түсірдік. Ол трубалар 5,80 метр тереңдікте болады. Ағынды суды тазарту қондырғысы төменгі жақта болған соң, ол жақ тереңдей түседі. Ол жақтан су өздігінен аға береді. Қажет десе насос та іске қосылады» деген Андрей Афанасиевич бұл жоба аяқталған соң қаланы су баспайтынын сендірді.
[caption id="attachment_44892" align="alignnone" width="1024"] ©Айтжан Мұрзанов[/caption]
Әзірге ол жерде көлік қозғалысы шектеулі. Сағатына 40 шақырыммен жүру ғана рұқсат етілген. Жергілікті полиция бөлімі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан немесе аяқталмаған жол учаскелеріне өте мұқият болып, уақытша сызба бойынша белгіленген жол белгілеріне сәйкес жүруге шақырып отыр.
Қазір қаладағы Тәшенов пен Амман көшесінің қиылысындағы Жастар ықшамауданында тазарту қондырғылары салынып, коллекторларды қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл – Тәшенов, Бараев, Уәлиханов, Иманбаев көшесі мен Республика даңғылын су басудан қорғайды.
[caption id="attachment_44894" align="alignnone" width="1024"] ©Айтжан Мұрзанов[/caption]
Еске салсақ, синоптиктер алдағы күндері Қазақстанның барлық аумағында құбылмалы ауа-райы болатынын хабарлаған. Тіпті, солтүстік пен шығыста және оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде күшті жел тұрып, нөсер ғана емес, бұршақ аралас жаңбыр жауатыны айтылды.