2003 жылы пневмониямен ауырып шыққандар коронавирустың жаңа түрін жұқтырмауы мүмкін. Бұл туралы Американың және Швецияның ғалымдары жүргізген зерттеуде айтылады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Мамандардың айтуынша, SARS-CoV жұқтыру нәтижесінде ағзада антиденелер тарап, коронавирустың жасушаға енуіне жауап беретін S-ақуызы пайда болады. Осылайша S309 антиденесі SARS-CoV жұқтырған науқастың организмін бейтараптандыра алады. Сондықтан пневмониямен ауырып шыққандар коронавирустың жаңа түрін жұқтырмауы мүмкін дейді ғалымдар.
ДДҰ-ның соңғы мәліметтеріне сенсек, әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 4,6 миллионнан асады, олардың 312 мыңы қайтыс болған.