Көңілдесіне берген 2 млн теңгені жасыру үшін полицияға арызданған әйел ұсталды
Көңілдесіне берген 2 млн теңгені жасыру үшін полицияға арызданған әйел ұсталды
© Сурет ғаламтордан
228
оқылды
Сайрам ауданында тұратын келіншек полицияға өзін тонап кетті деп жалған хабар берген. Ол көңілдесіне берген 2 млн теңгенің орнын күйеуінен жасыру үшін осындай қадамға барған. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жәбірленуші оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының қызметкерлеріне тонау қылмысы қалай жасалғанын айтып берген. Оның сөзінше, бетіне бетперде киген белгісіз тұлға үйіне кіріп оны байлап тастаған. Сөйтіп пышақпен қорқытып, екі миллион теңге ақшасын алып кеткенін айтқан. Алайда аталған қылмысты ашу мақсатында қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүрізген жедел уәкілдер оқиға орнынан тонаудың ешқандай нақты іздерін таппаған, Сосын бұл қылмыстың жасалғаны жалған деген болжам жасады. Жауап алу барысында жәбірленуші полицияға жалған ақпарат бергенін мойындаған.
«Тергеу барысында сайрамдық келіншектің күйеуінен жасырып, көңілдесіне жиі ақша беріп отырғаны анықталғаны. Нәтижесінде ол екі миллион теңге жұмсап қойып, ақшаның жетіспеушілігін жасыруға тырысқан. Содан кейін, сүйіктісі екеуі жоспар құрып, «тонап кетті» деп жалған ақпарат беруді шешкен. Осылайша, көңілдес жігіт жоспарды орындау үшін жәбірленуші әйелді байлап, көзінен ұрған. Ал, күйеуі үйге келгенде, әйел оған тонаушылардың шабуыл жасағанын айтып, полицияға арыз түсірген» делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК 419-бабы «Көрінеу жалған сөз жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.