Қадір түнін қалай қарсы алған дұрыс?
Қадір түнін қалай қарсы алған дұрыс?
© Сурет интернеттен алынды
220
оқылды
Биылғы Рамазанның қасиетті Қадір кеші мамыр айының 19-нан 20-на қараған түнге сәйкес келіп отыр. 

Араб тіліндегі «қадр» сөзі «мән-маңыз», «өлшем», «құдырет» деген мағынаны білдіреді. 

Мұсылман әлемінде ең маңыздысы әрі бірегейі – қасиетті Рамазан айындағы Қадір түні. Бұл түн – адамзаттың ақ пен қараны айыратын түні және де барлық жақсылық атаулының бастау қайнары – Құран Кәрім аяттары түсе бастаған түн.

 «Кім қадір түнін сенімімен, артының қайырлы болатынынан үміт артып өткізсе, оның бұрынғы барлық күнәсі кешіріледі» деген Пайғамбарымыз Мұхаммед.

Негізі Қадір түні Рамазан айының соңғы онкүндігінің бірінде өтеді. Ислам ғұламаларының пәтуасы  бойынша Қадір кеші рамазан айының 26-нан 27-не қараған түні деп белгіленген. Осы кеште барлық періштелер жер бетіне ізгі амалдар үшін жіберіледі деген сенім бар.

 Құранның «Қадір» сүресінде бұл айдың мың айдан қайырлы екені кеңінен айтылған. Мың ай, бұл 83 жыл, 4 айға тең. Бұл дегеніміз - бір адамның өмір бойы Алла Тағалаға құлшылық етуімен бара-бар деген сөз.  

Қасиетті Қадір кешінде үйде отырып мынадай амалдарды орындауға болады:
  •  Сол күні кешкі ауызашарда дұға-тілек ету;
  • Құптан намазында 20 рәкағат тарауық намазын оқу;
  • Құран, хадис кітаптарын оқу;
  • Қадір кешінде таң атқанға дейін төрт рәкағатт нәпіл намазы оқылғаны дұрыс.
Осы намазды оқып болған соң, Алла Тағаладан барша адамзатқа, отбасымызға амандық, ризық-несібе тілеп, бұл дүниенің және ақыреттің барша жамандығынан аман болуын тілеу қажет.
  • Тәспі тарту;
  • Қадір кешін мүмкіндігі болғанша ұйқысыз өткізу қажет. Ұйықтап қалған жағдайда күнә саналмайды.
  • Қадір түнін ұйықтамаса болды екен деп, уақытты құмар ойындарын ойнап немесе жағымсыз кинолар көріп, бос өткізу күнә болып саналады.
Осындай түні ата-ананы, ағайын-туғанды, дос-жарандарды құттықтап, оларға арнайы сый-сияпат беріп,  көңілдерін көтеру – ең жақсы амалдардың бірі екен.