Ақмола облысында бизнес саласындағы қайырымды жандар коронавирус пандемиясымен күресуде облыс тұрғындарына көмек көрсетуде, – деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы.
Пандемия кезеңінде жарияланған қайырымдылық акциясы шеңберінде халықаралық Kusto Group компаниясы Ақмола облысында 3000 отбасына, 400 соғыс ардагері мен тыл еңбеккерлері және олармен теңестірілгендерге көмек көрсетті.
Азық-түлікті бірінші кезекте Аршалы, Ақкөл, Бурабай, Зеренді, Целиноград, Біржан сал аудандарындағы және Көкшетау қаласындағы көпбалалы отбасылар, әлеуметтік жағынан аз қамтылғандар мен халықтың осал топтары алды. Оны әкімдік қызметкерлері мен волонтерлік ұйымдар жеткізіп берді.
Сонымен қатар, компания инфекциямен күресуде медицина қызметкерлерін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. Бұдан бөлек, кәсіпорын «Астананың қайырымды жандары клубы» және 100 белсенді азаматтың қолдауымен Ақмола облысындағы 28 елді-мекенге 1664 азық-түлік пакетін жөнелтті.
«Lider. Kz. Доброе сердце Кокшетау» қоғамдық қорының директоры Ирина Катухованың айтуынша, бүгінгі таңда волонтерлер Kusto компаниясы жинақтаған 500 азық-түлік пакетін жеткізуде.
«Қиын кезеңде отбасылардың көбі көмектен бас тартпайды деп ойлаймын. Әр пакетке азық-түлік пен тұрмыстық химия заттарының 25 атаулы түрін жинақтадық», - деп атап өтті Ирина Катухова. А
йта кету керек, инфекция жұқтыру қауіпі жоғары қарттарда назардан тыс қалған жоқ. Оның ішінде компания Целиноград ауданындағы «Шапағат» медициналық-әлеуметтік мекемесінің ғимаратын дизенфекциялаудан өткізді, 150 матрас, 80 жиынтық індетке қарсы костюм, 4500 жуық қолғап пен дезинфекция заттарын сатып алып берді.
Сонымен қатар, компания қайырымдылық акциясы шеңберінде Сандықтау ауданының Шаңтөбе кентіндегі медициналық-әлеуметтік мекемедегі 50 адамды қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етті.