Мамыр айында 3 ұл жарық дүние есігін ашты. Туған кездегі салмағы: 1700 гр, 1640 гр, 1776 гр. 19 күнннен кейін 1847 гр, 1776 гр, 2100 гр. салмақта нәрестелер перинаталдық орталықтан шықты.
Қарағанды облысында егіз бала босанудың артқаны байқалып отыр деді ведомостваның баспасөз қызметі. 2017 жылы Қарағанды қаласының Перинаталдық орталығында 18, 2018 жылы 25, 2019 жылы 31 егіз дүние есігін ашты. 2020 жылдың төрт айында барлығы 15 егіз және екі үшем дүниеге келді.
Ләззат Қожахметова, Қарағанды облысы.