Санитарлық нормалардың сақталуына жолаушылар жауапты
Санитарлық нормалардың сақталуына жолаушылар жауапты
© сурет интернеттен алынды
223
оқылды
Алматыда қалалық автобус маршруттары 21 мамырдан бастап сағат 21:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Бұл ретте жолаушылар бетперде тағу және әлеуметтік арақашықтықты сақтау сияқты санитарлық нормаларды қатаң сақтаған жағдайда ғана қоғамдық көлікпен қатынай алады. Автобус салонындағы жолаушылар саны отыратын орындардың санынан аспауы тиіс. Қала автопарктерінің бірі атап өткендей, егер барлық орындар бос болмаса, келесі автобусты күту керек. Жолаушылар ағынының айтарлықтай азаюына қарамастан, қала тұрғындарының ыңғайлылығы мен күту аралығын қысқарту үшін қазір автобустардың 90%-ы жолға шығарылды. Сондай-ақ жолаушылар ағынының ұлғаюы байқалған танымал бағыттарда жылжымалы бірліктер саны артты. Санитарлық нормалардың сақталуына жолаушылардың өздері жауапты екенін атап өткен жөн. СЭС қызметкерлері құқық қорғау органдарымен бірлесіп қоғамдық көлікте тексерулер ұйымдастыратын болады. Алматы қаласындағы блок-бекеттер қазір де жұмыс істеп тұр. Сол себепті қала маңы маршруттарының жұмысын қалпына келтіру әзірге жоспарда жоқ. Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ