Елімізде кеншілер жаппай коронавирус жұқтырған
Елімізде кеншілер жаппай коронавирус жұқтырған
© inbusiness.kz
290
оқылды
Жабық ұжымдардағы ауруды жұқтыру оқиғасы артты. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты.
Оның айтуынша, Шымкенттегі "ПетроҚазақстан Ойл Продакшн" компаниясында шамамен 101 адам, осы компаниямен тығыз байланыста жұмыс істейтін мердігерлік ұйымдарда 23 адам ауруға шалдыққан, оларды үйіндегі байланыстағы туысқандарымен қосып есептегенде 69 адам, 34 жұқтыру жағдайы Қарағанды ​​облысындағы "Қазақмыс" кенішінде орын алды, - деді ол.
Сондай-ақ Теңіз кен орны да коронавирусқа байланыстыжақын күндері жабылуы мүмкін. Қазіргі уақытта онда 935 коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі тіркелді.