WBC Геннадий Головкинді «Күш королі» атағына ұсынды
WBC Геннадий Головкинді «Күш королі» атағына ұсынды
© сурет интернеттен алынды
197
оқылды
Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) өзінің Twitter парақшасында орта салмақтағы ең мықты боксшыларды атады. Үміткерлер арасында IBF және IBO әлем чемпионы титулының иегері, қазақстандық Геннадий Головкин де бар. «Орта салмақтағы күш королі кім?» деп сұрады кеңес өз оқырмандарынан. Сөйтіп кандидат ретінде осы салада өнер көрсетіп жүрген бірнеше боксшыны ұсынған. Олардың арасында Головкиннен басқа Томас Хирнс, Марвин Хаглер, Сауль Альварес «Канело», Карлос Монсон және Айрен Баркли бар. WBC сондай-ақ оқырмандарынан ешкім ұнамаған жағдайда өз нұсқасын ұсынуды өтінген.