Қарағанды облысында ТЖ аяқталған соң 69 жұп некелесті
Қарағанды облысында ТЖ аяқталған соң 69 жұп некелесті
255
оқылды
Қарағанды облысында 11-20 мамыр аралығында 69 жұп некелерін қиды.  Төтенше жағдай кезінде Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының АХАЖ бөліміне 208 жұп некені тіркеуге өтініш қалдырған. Олар ТЖ режимін алып тастағаннан кейін ғана некені тіркеу туралы куәлік алды. ТЖ аяқталғаннан кейін Қазыбек би ауданы АХАЖ бөлімі 53 жұптың қарым-қатынасын тіркеді. Ал Октябрь ауданындағы АХАЖ-да да төтенше жағдай режимі алынып тасталғаннан кейін өз қатынастарын 16 жұп ресімдеді. Ал, ажырасулар саны төмен. Қарағанды облысы бойынша ТЖ кезінде 31 жұп некені бұзуға өтініш берген. Ал 11 мамырдан кейін 6 неке бұзу оқиғасы тіркеліпті. Сондай-ақ, Қазыбек би ауданында төтенше жағдай кезінде 584 бала дүниеге келді. Ал, Қарағанды қаласында 11 мамырдан кейін 187 бала жарық дүние есігін ашты.

Ләззат Қожахметова, Қарағанды облысы