Өткен жылы COVID-19 пандемиясы басталған Қытайдың Ухань қаласының билігі жабайы етті тұтынуға толығымен тыйым салып, қаланы "жабайы табиғаттың қорығы" деп жариялады, - деп жазады ktk.kz.
Тыйым салу туралы бұйрық Ухань қаласы әкімшілігінің ресми сайтында жарияланған және бес жыл бойы жарамды болады.
"Азаматтарға жабайы аңдарды аулауға, сатуға, жеуге және өсіруге тыйым салынады. Тыйым барлық түрлерге, соның ішінде мемлекет қорғайтын түрлерге де жүреді, сондай-ақ бостандықта өсірілмегендерге де қолданылады", - делінген құжатта.
Сондай-ақ, ешбір ұйым немесе жеке тұлға жарнамалар орналастырмауы керек, белгілер немесе рецепттер жасамауы керек, жабайы жануарларды пайдалануды немесе сатуды насихаттамау керек. Бұған қоса, жарлықта қала өзін "жабайы табиғат қорығы" деп жариялап, оның ішінде барлық аңдарды аулауға тыйым салынғандығы баса айтылған. Қала билігінің арнайы рұқсатымен ғылыми зерттеулер жүргізу үшін жануарларды аулауға болады.
Пандемия Ухань қаласында 2019 жылдың желтоқсан айының соңында белгісіз шыққан пневмонияның ашылуынан басталды. Мамандар аурудың қоздырғышы - COVID-19 коронавирусы екенін анықтады. Жаңа вирустың қайнар көзі жабайы аңдар болуы мүмкін деп болжанады, өйткені Уханьдағы теңіз өнімдері базарынан алынған коалалардың, панголиндердің, жыландардың, қасқырлардың, егеуқұйрықтардың, тауықтардың, крокодилдердің, үйсіндердің және фаунаның басқа да өкілдерінің еттері сатылған.