Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Евразия + ОРТ» ЖШС қызметкерлерінің коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайына қатысты пікірін айтты.
«Шынында да арна басшылығының бастамасымен жүргізген тест нәтижесінде екі адамның вирус жұқтырғаны расталды. Қазіргі уақытта «Қазмедиа орталығы» ғимаратының жұмысы (соның ішінде «Евразия + ОРТ» ЖШС отыратын орын да) эпедемияға қарсы қатаң режимге енгізілді. Вирус жұқтырған азаматтармен жақын қарым-қатынаста болған азаматтар анықталып жатыр. Жақын қарым-қатынаста болғандар 14 күндік үй карантиніне жатқызылады. Ғимаратта жұмыс істейтін азаматтардың бәрі де кезең-кезеңімен коронавирус бойынша тестілеуден өтеді», - деп жазды Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында.
Министр кейінгі кезде қазақстандықтар жаппай COVID-19 бойынша тестілеуден өтіп жатқанын мәлім етті. Сол себепті науқастар саны бойынша ресми статистика көрсеткіші өскен.
«Өзіңіз бен туғандарыңызға қауіп төндірмеу үшін санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бәрін сақтауға шақырамын», - деді ол.