Алтайда көпқабатты үйдің қабырғасына Абай портреті салынды
Алтайда көпқабатты үйдің қабырғасына Абай портреті салынды
226
оқылды
Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің қабырғасына Абай Құнанбайұлының үлкен портреті салынды. Бірнеше күн бұрын суретшілер ұлы ақынның бейнесін ерекше тәсілмен салып жатқаны туралы айтқан. Алтайлық шеберлердің жұмысы көпшіліктің көңілінен шығып отырған жайы бар. Сондай-ақ Каюпов және Горький көшелерінің қиылысында қаланың аты жазылған конструкция пайда болды. Жобаға сәйкес, айналаға ою-өрнек бейнесінде жарық шамдар қойылып, тротуарлар мен көгалдар абаттандырылды. Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай жасалған стрит-арт-нысан Алтай қаласының «төлқұжатына» айналуы мүмкін. Өйткені, жергілікті халық қазірдің өзінде туындыны жоғары бағалап, суретке түсіп жатқан көрінеді. – Бұл біздің қаламыздың қонақжайлығын көрсетеді. Оның үстіне Алтайдың өзіне ғана тән ерекше бір белгісінің болғаны тамаша ғой. Мен сельфиге түсіп, достарыма жіберіп үлгердім, – дейді қала тұрғыны Айгүл Смаилова.

Дәурен Аллабергенұлы, Шығыс Қазақстан облысы