Ораза айт намазына қатысты діни басқарманың шешімі шықты
Ораза айт намазына қатысты діни басқарманың шешімі шықты
Фото: Интернеттен алынды
5,241
оқылды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ораза айт мейрамын өткізуге қатысты мәлімдеме жасады. Биылғы ораза айт намазы еліміздегі карантин жағдайына байланысты мешіттерде жамағатпен оқылмайды. Ғұламалар кеңесінің ұйғарымымен әр адам өз үйінде оқитын болды. Айт күні күн найза бойы көтерілгеннен кейін әркім өз үйінде екі немесе төрт ракағат нәпіл (дұха) намазын жеке оқи алады. Оны төрт ракағат етіп оқу – абзал. Ораза айт – мереке. Сондықтан мейрам күні ата-ана, отбасы, бала-шаға, тума-туыстарға сыйлық үлестіру сауапты әрі игі іске жатады. Ораза айт – кешірім жасайтын, мұқтаждарға көмектесетін күн. Биыл ораза айт 24 мамырдан басталады.