Оңтүстік Корея солтүстіккореялық көшбасшы Ким Чен Ынның қайда жүргенін назардан тыс қалдырмауда, деп хабарлады жұма күні елдің бірлесу министрлігі. Ким Чен Ын үш апта бойы жұртшылық алдына шықпаған, деп хабарлайды Yonhap агенттігі.
Кимнің денсаулығы мен оның қайтыс болуы туралы өсек-аяң жұрт алдына 20 күн шықпай, 1 мамырда зауыт құрылысының аяқталу салтанатына барған соң тоқтады.
Қаңтар айында Ким Чен Ын жұрт алдына 21 күн бойы шықпаған болатын. Ким осылай жиі жоғалады. 25 қаңтар күні Пхеньянда Жаңа жылды тойлауға арналған концерттен соң ел көшбасшысы үш апта бойы көрінбей кеткен. Ақыры мемлекеттік БАҚ оның қайтыс болған әкесінің туған күнінде Пхеньяндағы кесенеге барғанын хабарлады.
Жұрт көзінен ең ұзақ жоғалғаны 2014 жылдың қыркүйегінде болған. Ол кезде Ким Чен Ын 40 күнге жоғалды.