Қоғамдық көліктер Ораза айтта тұрғындарды тегін тасымалдайды
Қоғамдық көліктер Ораза айтта тұрғындарды тегін тасымалдайды
237
оқылды
Түркістандағы қоғамдық көліктер Ораза айттың алғашқы күнінде жолаушыларды діттеген жеріне тегін жеткізбек. Қалалық әкімдік қолдауымен "Жолаушы" ЖШС жасағалы отырған қайырымдылық іс карантин режиміне байланысты таңертең және кешкі уақыттарда  көрсетіледі. Яғни, таңғы 7.30-9.30 және кешкі 18.00-20.00 аралығында 125 қоғамдық көлік қатынас жасайды. Жалпы мұндай қайырымдылық шара мекеме тарапынан алғаш рет қолға алынып отыр. Басшылық елдегі жағдайды ескере отырып, халыққа демеу ретінде қала әкімімен келісе іске асырылуы жоспарланып отырғанын айтты. Бұл іс-шараға байланысты шығынды мекеме құрылтайшысы Рахым  Тәңірбергенов толығымен өзі көтермек.