Далада қалған 28 мақтааралдық отбасы баспаналы болады
Далада қалған 28 мақтааралдық отбасы баспаналы болады
Фото: turkistan.gov.k
269
оқылды
Мақтаарал ауданындағы балабақша, монша мен апатты жағдайдағы жатақханада тұрған 28 отбасына жаңа ықшам ауданнан баспана салынатын болды. Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин бүгін су басқан ауылдарға келген жұмыс сапары барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Бос тұрған ғимараттарды еш құжатсыз пана қылып келген жандар енді жаңа баспанаға ие болады. Олардың барлығы су басқан ауылдардың тұрғындары. Баспана тауқыметін тартқан отбасылардың айтар алғысы шексіз. Айта кетейік, Премьер-Министр А. Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Үкімет басшысына Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысын таныстырды. Сондай-ақ Мырзакент ауылында су тасқыны салдарынан зардап шеккен Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық ауылдарының 500 отбасына арналған жаңа шағын ауданның құрылысын аралап көрді.