Қызылорда облысының Жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы тағайындалды.
Қызылорда облысы әкімінің өкімімен бұл қызметке Усаин Медет келді. Ол 1987 жылы дүниеге келген. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін - «Көлік, көлік техникасы және технологиясы», Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы ретінде бастаған. 2012-2013 жылдары – облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы, 2013-2016 жылдары облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары болды. 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап осы кезге дейін облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметін атқарды.