«Жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану туралы» мәселеге байланысты мониторинг жүргізу үшін Nur Otan партиясы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық филиалы жанынан құрылған жұмысшы топ ауылдық округтерде Қазақстан заңдарына сәйкес атқарылып жатқан бірқатар жұмыстармен танысты.
Аталған мәселені зерделеу мақсатында жайылымдық жерлерді тиімді пайдалануды ұйымдастыру, жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға сәйкес атқарылып жатқан жұмыстар, жайылымдық жүктемесінің нормасының сақталуы, ауыл тұрғындарының жайылымдарымен қамтамасыз етілу деңгейін анықтау жұмыстары жүргізілді.
Жаңақала ауданы бойынша 1 768 871 гектар жайылымдық алқап бар. Соның ішінде елді мекен шегіндегі мал жайылымы 133 913 гектарды құрайды. Аудан бойынша 2019-2020 жылдары жайылымдарды басқару және олардың пайдалану жөніндегі жоспары Жаңақала аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 желтоқсандағы №39-3 шешімімен бекітілген. Сонымен қатар аудан бойынша 2018-2020 жылдары тиісті мақсатта пайдаланылмай отырған 25 шаруа қожалығы 132 22 гектар жер учаскесінен өз еркімен бас тартты.
Ауылдық округтер бөлінісінде жеке аулаларда және өндірістік секторда жайылымдармен қамтамасыз ету көрсеткіштері бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының болуы, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру деректер базасына сәйкес толық қамтамасыз етілгені белгілі болды.