Пәкістанның Денсаулық сақтау министрлігі Карачи әуежайы маңында Airbus A-320 ұшағының апатқа ұшырауынан 97 адамның қайтыс болғанын растады.
«Ұшақта болған адамдардың жалпы саны - 99, қаза болғандардың саны - 97. Екі адам аман қалды», - деп жазды министрліктің өкілі Миран Юсуф Twitter-де. Оның сөзінше 19 адамның мәйіті табылған.
Ұшақ апатқа ұшыраған орында тұратын адамдарға да әсер етті. Алдын ала мәліметтер бойынша 30-ға жуық адам ауруханаларға жеткізілген.
Пәкістан премьер-министрі Имран Хан апатқа байланысты тергеу басталғанын хабарлады. Азаматтық авиация әкімшілігінің ақпартынша, ұшу жазбалары табылған.