Кеше Қазақстанның екі облысында коронавирус жұқтырғандар мүлде тіркелген жоқ.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, өткен тәулікте Қазақстанда инфекция жұқтырған 322 адам анықталды. Ел бойынша өсім - 4,2 пайыз.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында -83 (5,7%),
Алматы қаласында - 66 (3,3%),
Шымкент қаласында - 34 (6,3%),
Қарағанды облысында -42 (9,8%), ?Жамбыл облысында - 20 (8,7%).
Алматы облысында – 16 (6,1%),
Түркістан облысында - 15 (5,7%),
Ақтөбе облысында - 10 (4,1%),
Батыс-Қазақстан облысында– 10 (2,8%),
Ақмола облысында – 3 (2,1%),
Атырау облысында – 16 (1,9%),
Қостанай облысында – 2 (1,8%),
Шығыс-Қазақстан облысында – 1 (1,7%),
Қызылорда облысында – 3 (1,1%),
Павлодар облысында – 1 (0,6%).
Елімізде жалпы 7919 жағдайы тіркелген. 4096 пациент емделгеннен кейін толығымен сауығып шықты. 35 адам қайтыс болды.