Еліміздің ішкі әуе қатынастарында санитарлық-карантиндік талаптар жеңілдейді. Бұл жөнінде Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов ішкі әжеңілдейтінін айтты.
Бұған дейін ішкі авиарейстердің қайта ашылуына байланысты әуе көлігіндегі коронавирус инфекциясы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, талаптарды жеңілдету кезең-кезеңмен қайта қаралатыны айтылған.
Шектеу шараларын сақтау бойынша жүргізілген мониторинг енгізілген карантиндік талаптарды жолаушылар да, әуежай ғимаратында және бортта қызметкерлердің өзі де қатаң сақтайтынын көрсеткен.
"25 мамырдан бастап әуежай ғимаратына "шығарып салушыларды жібермеу" талабы алынып тасталады, қалған санитарлық-карантиндік талаптар, әлеуметтік қашықтық, маскалық режим, күшейтілген дезинфекция және басқаларды орындалуы тиіс", - деп мәлімдеді Байғабылов.
Әуежайдың қауіпсіздік қызметі ғимаратқа кіретін әрбір адамға байланыссыз термометрия жүргізеді, сондай-ақ бәрінде маска болуы шарт.
Қатаң санитарлық-карантиндік шараларды сақай отырып, әуежай терминалында қоғамдық тамақтандыру және сауда орындары жұмыс істейді.