Алдағы уақытта елімізде аптап болады
Алдағы уақытта елімізде аптап болады
фото: ашық дереккөз
202
оқылды
Қазақстанның бірнеше облысында аптап болады, осыған байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Казгидромет РМК орталығы. 25-26 мамырда Павлодар облысында 35-38 градус ыстық болады. Павлодар қаласында осы күндері күндіз ауа температурасы 35-37 градусқа жетеді. 24 мамырда Маңғыстау облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Ақтауда 24 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 25-26 мамыр күндері облыста 42 градус ыстық болады деген болжам бар. Қызылорда облысында 24-26 мамыр күндері 40-43 градус ыстық болады, кей жерлерде шаңды дауыл сақталады. 24 мамырда облыстың басым бөлігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр, кей жерлерде 23-28 метрге жетеді. 24-25 мамырда Түркістан облысының кей жерлерінде шығыс желі сақталады, екпіні секундына 23 метрге жетеді. 24-25 мамыр күндері батыста 40 градус ыстық болады. 24-25 мамыр аралығында Түркістанда жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. 24-25 мамырда 40 градус ыстық болады. Сонымен қатар, "Қазгидромет" РМК болжамын негізгі ала отырып, Алматы облыстық ТЖД 25-26 мамыр күндері аймақта 37 градусқа дейін ыстық болады деп ескертті және тұрғындарға үйде қалуды ұсынды. Сондай-ақ, қатты ыстық кезде табиғи өрт пайда болу қаупі артатынын ескертті.