Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Алматы облысындағы бірқатар су шаруашылығы нысандарын аралап шықты.
«Алматы облысының су шаруашылығы нысандарының жұмысымен таныстым. «Жұмыспен қамтудың жол картасын« іске асыру аясында бұл өңірде Көксу тоғанын, Қаратал бөгенін, Үсек өзеніндегі су шаруашылығын қайта салу, Талдықорғанға жақын жердегі ирригациялық жүйені қайта қалпына келтіру бойынша 4 жоба іске асырылады», - деп жазды М.Мырзағалиев өзінің Twitter парақшасында.
«Бұл жобалар бойынша жұмыс басталып кетті. Олардың іске асырылуы апаттық жағдайдағы нысандарды қалпына келтіруге, өңірді сумен қамтамасыз етуге, суармалы жерлерді көбейтуге жол ашып, нысанды қалпына келтіру мен ауыл шаруашылығында еңбек еткен халықты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті министр.
Бұдан басқа, Экология министрлігі басшысы Қызылағаш су қоймасын қалпына келтіру жұмыстарымен танысты.
«Сонымен қатар Ақсу ауданындағы Қызылағаш су қоймасын қалпына келтіру барысымен танысып, жұмыс сапасына көз жеткіздім. Бұл жоба ауданды сумен қамтамасыз етуде, ауыл шаруашылығын дамытуда маңызды. Қалпына келтіру жұмысының 90%-ы орындалды. Биыл су қоймасы пайдалануға тапсырылады», - дейді М.Мырзағалиев.