Саха халқы Димашты қазақ тілінде туған күнімен құттықтады – видео
Саха халқы Димашты қазақ тілінде туған күнімен құттықтады – видео
503
оқылды
Димаштың Якутиядағы жанкүйерлері Youtube видеожелісі арқылы әншіні туған күнімен құттықтады. Хомус ұлттық аспабында ойнап, қазақ тілінде жылы лебіздерін жеткізді. Dimash Qudaibergen Sakha Yakutia Official Fan Club өкілдері әншіге шығармашылық табыс, мығым денсаулық тілеп, таңғажайып өнері мен ғаламат көңіл күй сыйлап жүргеніне алғысын білдірді. Айта кетейік, 24 мамыр күні аты әлемге әйгілі қазақстандық әнші, сазгер, мультиинструменталист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Димаш Құдайберген 26 жасқа толды. https://www.youtube.com/watch?v=3MP4dhqhrOo