Көліктегі жүгенсіздік
Көліктегі жүгенсіздік
фото: ашық дереккөз
384
оқылды
Мас күйінше көлік жүргізген елорда тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті. 24 мамыр күні таңғы 04.30 кезінде 24 жастағы қала тұрғыны мас күйінше орталық саябақта Lexus LX 570 көлігін жүргізген. Бүгін әлеуметтік желіде екі қызды Lexus LX 570 көлігінің төбесіне отырғызып алған жүргізуші бейнеленген видео тарады. Қалалық полиция қызметкерлері жас жігітті ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 608-бабы 1-бөлімі бойынша жауапкершілікке тартты. Әкімшілік соттың қаулысымен жүргізуші 15 тәулікке қамалды. Ол енді 7 жыл бойы көлік жүргізе алмайды. Автомобиль айып тұрағына қойылды. Сондай-ақ екі жолаушы – көліктің төбесінде отырған 2000 және 2001 жылы туған екі қыз да аталған кодекстің 615-бабы бойынша жауапқа тартылған.