Таллиндегі Кадриорг паркінде Қазақстанның жарқын жұлдызы Димаш Құдайбергеннің құрметіне отырғызылған ағашқа ескерткіш белгі орнатылды, - деп хабарлайды Oinet.kz.
Белгіленген іс-шараға Қазақстанның Эстониядағы елшісі Нұрлан Сейтімов қатысты. Осы акцияны ұйымдастырушы "Dimash Estonian Dears" фан-клубының мүшелері - 300 жылдық тарихы бар бұл саябақ өздерінің сүйікті әншісінің әндерін тыңдай алады деген үміт білдірді", - делінген елшіліктің хабарламасында.
Эстониядағы Димаш фан-клубында елдің әр түкпірінен 500-ден астам адам бар.
Бұдан бір күн бұрын 24 мамыр Димаш Құдайберген 26 жасқа толды.