Сәби миы шайқалып, сүйектің сынуы белгілерімен Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасында жатқызылды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, реаниматолог және нейрохирург сәбиді қарап, шұғыл түрде ауруханаға жатқызған. Қазіргі уақытта бүлдіршінде қансырау белгісі байқалмайды, сол себепті оған қан құйылмаған.
Демалыс күні осындай тағы бір жағдай орын алды. Бес жасар бала 26-шағынаудандағы көпқабатты үйдің төртінші қабатынан құлаған. Қазір науқастың жағдайы ауыр, тыныс алу аппаратына қосылған.
Бұған дейін бес жасар бала Шығыс шағынауданында екінші қабаттан құлап, медициналық көмекке жүгінген болатын. Абырой болғанда оның өміріне төніп тұрған қауіп жоқ.
Осылайша соңғы екі аптада үш баланың екінші, үшінші және төртінші қабаттан құлаған үш дерегі орын алып отыр.
Дәрігерлер ата-аналарға баласына мұқият қарап, ең бастысы терезені ашып қоюға болмайтынын еске салады.