Аdıdas-ты қолдан тіккен
Аdıdas-ты қолдан тіккен
222
оқылды
Алматы облысында танымал брендтердің спорттық аяқкиімдерін қолдан тіккен күдікті ұсталды. 1982 жылғы азаматтың үсті­нен бөтеннің тауар таңбасын заңсыз пайдалану фактісі бо­йынша қылмыстық іс қозғалды. «1982 жылы туған Қазақстан азаматы жалған спорттық аяқ­киімдерді қолдан жасаған, сол арқылы Аdidas AG (Германия) және Аdidas International Marketing BV (Нидерланды) компанияларына 19 млн теңге сомасында залал кел­тір­ген. Тінту барысында қоймада таны­мал компаниялардың түп­нұс­қалық үлгілеріне сәйкес кел­мей­тін 800 жұп спорттық аяқ­киі­мі анық­талып, тәркіленді. Атал­ған факт бойынша Қыл­мыс­­тық кодекстің 222-бабы 1-бөлімі бойын­ша қылмыстық іс қоз­ғал­ды», – деді Алматы об­лы­сы бойын­ша Экономикалық тергеу депар­таментінің баспасөз хатшысы Айнұр Идрисова.