Коронавирус жұқтырған қазақстандықтардың 70%-інде ауру белгісін байқатпайды. Бұл туралы еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты.
"Бізде ауру жұқтырғандардың 70% -ы, негізінен, белгісі байқалмай өтеді. Алдында ауру белгісі жоқ науқастарды да міндетті түрде жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызатынбыз. Ем алу кезінде олар сол жерде болуы керек болды. Бүгіндері біз ауру белгісі байқалмайтын науқастарды үш күнге дейін жұқпалы аурулар ауруханасына ұстаймыз. Бұл олардың қажетті клиникалық диагностикалық сынақтардан өтуі үшін керек", - деді Есмағамбетова Facebook-тегі онлайн-брифингте.
Оның айтуынша, егер денсаулығының жай-күйі қанағаттанарлық деңгейде болса, анализдері жақсы болса және ауру барысы ешқандай белгі байқатпаса, онда мұндай науқастарды алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының телефон және видеобайланысы арқылы міндетті қадағалауымен үйдегі карантинде бақылайды.