Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің онлайн форматта өтетін 3 отырысына қатысады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.
«Ертең, яғни, 27 мамыр күні сағат 11:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің онлайн форматта өтетін 3 отырысына қатысады. Ұлттық кеңестің отырысы адами капиталды дамытуға, атап айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау мәселелеріне арналады. Жиын Президент баспасөз қызметінің Фейсбуктегі AkordaPress парақшасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі»,-деп жазды баспасөз хатшысы.