Nur Otan партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің онлайн отырысы өтті.
Күн тәртібінде Алматы облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінде 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының орындалу барысы, Ақсу, Ұйғыр аумақтық партия филиалдары жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің жұмысы қаралды.
Алматы облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің есебіне сәйкес, 2020 жылдың бірінші тоқсанында қызметтік тергеу бөлімімен 14 қызметтік тексеру жұмысы жүргізіліп, тәртіптік комиссияның 15 отырысы өткен. Қызметтік тексеру материалдарын қарау нәтижесі бойынша жүргізілген жұмыстар тиісті хаттамамен рәсімделді. Тәртіптік комиссияның ұсынымдары басшылыққа жіберіліп, департаменттің 11 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар бірінші тоқсанда барлығы 35 семинар-кеңес, 8 ашық есік, 39 дөңгелек үстел ұйымдастырылған.
Жиын соңында Ақсу, Ұйғыр ауданы бойынша қоғамдық кеңес мүшелерінің белсенділігін арттыру тапсырылды. Сондай-ақ кеңес мүшелері қаулы қабылдап, мекеме басшыларына ұсыныс-ескертпелер бойынша бірқатар тапсырма берді.