Ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкері ауысты
Ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкері ауысты
Фото: Интернеттен алынды
240
оқылды
Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұлттық құраманың бас бапкері ауысты. Юрий Мельниковтың орнына Бақыт Ахметов келді. Ол – қазақстандық ауыр атлет. 2004 жылы Азия чемпионы, 2007 жылы Азия чемпионатының қола жүлдегері, 2002 жылы Азия ойындарының чемпионы және 2006 жылы Азия ойындарының қола жүлдегері болған. 2008 жылы Қытайда өткен Жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстанның Туын көтеріп шыққан. Оның басшылығымен 2009 жылдан бастап жасөспірімдер мен жастар құрамасы халықаралық аренада жоғары спорттық нәтиже көрсеткен. Бақыт Бешімбекұлының шәкірттері ұлттық құраманың сапында да бар. Жазира Жаппарқұл, Александр Зайчиков, Карина Горичева, Альберт Линдер және Игорь Сон сияқты спортшыларды Бақыт Ахметов тәрбиелеген. «Қазір ұлттық құрама жаңғыру кезеңін өткеруде. Осы жылдан бастап ересектер құрамасының құрамына жастардан Рахат Бекболат, Нұрғис Әділетұлы, Сайхан Тайсуев, Сайрамкез Ақмолда, Карина Құзғанбаева, Дарья Ахмерова және Гүлнұр Ыбырай енді. Бақыт Ахметовтың үйлестіруімен команданы нығайту жоспарланып отыр. Біз Бақыт Бешімбекұлын тәжірибелі жас жаттықтырушы және кәсіби менеджер ретінде білеміз. Осыған орай оны ересектер құрамасына ауыстыру туралы шешім қабылданды. Юрий Александровичке көп рахмет. Ол ұлттық құраманы қиын кезеңде басқарды. Оның басшылығымен біздің спортшылар жоғары нәтижеге жетті», – деді ауыр атлетика федерациясының атқарушы директоры Алдияр Нұралинов.