«Теңіз» кенішіндегі ахуал тұрақтануда
«Теңіз» кенішіндегі ахуал тұрақтануда
249
оқылды
Атырау облысы COVID-19 індетін жұқтырудан үшінші орында тұр. Аймақта індеттің негізгі таралу ошағы – «Теңізшевройл» компа­ния­сының кен орны. Атырау облыстық әкімдігі жедел түрде арнайы ко­миссия құрып, індеттің өршуін тоқтататын шараларды ұйым­дас­тыруда.  Індет шыққаннан бері Теңіз кен орнынан 18,5 жұмыс­шы шығарылып, үйлеріне қайтарылды. «Теңізшевройл» компаниясының қоғам­мен байланыс жөніндегі бас менед­жері Рзабек Артығалиев: – Қазіргі уақытта ТШО-ның өн­­ді­­ріс­тік қызметі үшін маңызды бо­­­лып табылатын «Келешек ке­ңею» мен «Ұңғыма ернеуінің қысы­мын бас­қару» жобаларын қауіп­сіз түр­­­де іске асыру шаралары жүзеге асу­да. Бұл жобалардың жұмы­сы 77 пайызға аяқталған. ТШО ком­­­­паниясы аталған жобалар бо­йын­ша негізгі жұмыстарын жал­ғас­ты­руда. Модульдерді жасау және оларды өндіріс орнынан шығару жұ­мыстары кестеге сәйкес жүргі­зі­ліп, Теңіз кенішінде модуль құ­рас­­­тыру жұмыстары қарқынды жал­ғасуда. Біз өндіріске тікелей қа­­тысы жоқ қызметкерлерді уа­қыт­­ша босатып, кеніштен шығар­ға­­ны­мызға қарамастан, жоба бо­йын­ша сыни жұмыстарды ары қа­рай іске асырудамыз. Үздіксіз өнді­рістік қызметті қамтамасыз ету үшін өз қызметкерлерімізді қорғауға арналған бірқатар қо­сым­ша шараларды да енгіздік. Те­ңіз­дегі қызметкерлерді уақытша жұмыстан босату нәтижесінде өзге қыз­меткерлердің денсаулығына зиян келтірмеу көзделуде, – деді Р.Арты­ғалиев. Жұмыстың үздіксіз жүруін қамта­ма­­сыз етуге бағытталған қорғаныс шара­ларының бірі – жұмыс істейтін қыз­­меткерлерді жеке топтарға бөлу. Бұл дегеніміз – оперативті жұ­мыс тобы мүшелерінің бірі вирус жұқ­тырған жағдайда, басқа жұмыс тобы олардың орнын алмастыруға дайын болады әрі өндірістік қызмет­ті үздіксіз қамтамасыз ету үшін жұ­мыс­­тарын жалғастырады. ТШО 2020 жылдың бірінші тоқ­са­нында 7 млн 680 мың тонна шикі мұнай өндірді, бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі өндіріс деңгейінен сәл асып түседі.  

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

«Теңізшевройл» компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі бас менеджері Рзабек Артығалиевтің айтуынша, жұмысшыларды Теңіз кені­шінен шығару күрделі логис­ти­калық процесс болды. ТШО ком­па­ниясы кен орнындағы қауіпсіз­дікті қамтамасыз ету жоспары аясында, сондай-ақ қызметкерлер арасында COVID-19 таралу қаупін азайту мақ­сатында, наурыз, сәуір және мамыр айында өндіріске тікелей қа­­тысы жоқ қызметкерлерді Теңіз­ден уақытша шығаруды жүзеге асыр­ды. Бұл Қазақстан Үкіметінің, Аты­рау облысы әкімдігінің, басқа да об­лыс әкімдіктерінің және ден­сау­­лық сақтау органдарының жан - жақты қол­дауының арқасында табыс­ты жүзе­ге асырылған күрделі логис­ти­калық процесс болды. Аталған шара барысында жұ­мыс­­шыларды үйлеріне жеткізу үшін 40-тан астам коммерциялық әуе рейсі, ТШО Dash 8 ұшағымен 211 рейс және 170 автобус рейсі жасал­ды. Мұнымен қоса, 16 пойыз жөнел­тіл­ген. Барлығы Атырау облысында төтенше жағдай режимі мен каран­тин кезінде жүзеге асырылды. – Біз Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовке, сондай-ақ Атырау облысының жедел штабы мүшелеріне қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреміз. Сонымен қатар медициналық мекемелер мен құқық қорғау органдарының қыз­­мет­кер­леріне, тасымалдаушы ком­­па­ния­лар мен мердігерлік ұйым ма­ман­дарына айтар алғысы­мыз шек­сіз. Бұдан бөлек, өзге облыс­тар­да Теңіз кенішінің жұмыс­шылары тұрып жатыр. Осы ретте өзге аймақтың бас­шыларына да алғыс білдіргіміз келеді. Олардың көрсеткен қолдауы мен көмегі Теңіз кенішіндегі жұмыс­шылардың өз отбасыларына аман-есен жетуіне септігін тигізді, – деді Рзабек Артығалиев. Аталған жұмыстардың негізгі мақ­саты – өндірістік нысандарда жұмыс істейтін қызметкерлер ара­сын­да коронавирус инфекция­сының таралуын болдырмау.  

Індет білдіртпей анықталып, есті шығарды

Теңіздегі жұмысшылардың 90 пайы­зында  ауру симптомсыз болды. Бүгінгі күні Теңіз кен орнында ПТР тал­дауларының саны 8 мыңнан асты, орташа есеппен күн сайын 400-ге жуық талдау жасалады. Бұл – Қа­зақ­стан­дағы жан басына шақ­қан­дағы тестілеу көрсеткішінен бірнеше есе жоғары көрсеткіш. Бұл тәсіл арқылы науқастармен бай­ланысқан тұлғаларды анықтау ста­тистикаға айтарлықтай әсер етті. Нәтижесінде, коронавирус бойынша оң нәтижелер санының өсуін көрсетті. Жаппай сынақтар жүргізу барысында вирус белгілері жоқ адамдарда да ауру анықталды. – Қазіргі уақытта Теңіз кен ор­нын­да мемлекеттік мекемелерден бе­рілген медициналық құралдармен жабдықталған инфекциялық ста­цио­нар бар. Ауруханада 376 адам ем қабылдап жатыр. Теңізде оқшаулау, әлеуметтік қашықтық, бетперде кию және жеке гигиеналық шаралар қатаң сақталған. Аталған сақтық шаралары Теңіздегі барлық қызметкерлер үшін міндетті. Біз барлық мердігерлер мен олардың қызметкерлерінен осы шараларды орындауды күтеміз. Олай болмаған жағдайда, ТШО келісімшарттар мен еңбек шарттарын бұзуға дейін қатаң шаралар қолданады. ТШО қауіпсіздік қызметі Жылыой ауданының әкім­дігімен, облыстық Қоғамдық ден­сау­­лық сақтау басқармасы және Поли­ция департаментімен бірлесіп, Теңіздегі ауысымдық лагерьлерде осы стандарттардың орындалуын үнемі қадағалап отырады, – деді Р.Артығалиев.  

Жұмысшылардың жалақысы сақталады

«ТШО» және өзге де мердігер мекемелердің қызметкерлерін Теңіз кен орнынан шығару жалғасуда. Бүгінге дейін 18,5 мыңнан астам аса маңызды емес жұмысшылар Теңіз кенішінен уақытша шығарылды. – Төтенше жағдайдың орын алуы­на байланысты вахта­лық тә­сіл­­­­мен еңбек ететін қызметкер­лер­­дің коронавирусқа қатысты жұ­­мысқа шыға алмағанына қара­мас­тан жала­қылары толық сақ­талады. Ал кен ор­нындағы вахта­лық мерзімі уақы­ты­нан асқан жұ­мысшылардың жала­қы­сына 1,5 коэ­ффициент қосылады, –деп атап өтті Рзабек Артығалиев. Сонымен қатар Теңіз кенішіндегі COVID-19 ахуалын тұрақтандыру қатаң бақылауға алынған. Осының аясында қызметкерлерді оқшаулау, жеке гигиенаның әлеуметтік ереже­ле­рін қамтамасыз ету секілді бір­қа­тар істер атқарылып жатыр. – Біз барлық мердігер мекемелер мен жұмысшылардан осы шараларды орындауды талап етеміз. ТШО қауіп­сіз­дік қызметі Жылыой ауданы әкім­­дігімен, облыстық Қоғамдық ден­сау­лық сақтау департаменті және Ішкі істер департаментімен бір­лесіп, Теңіз кен орнындағы талап­тар­дың орындалуын үнемі қадағалап отырамыз. Кері жағдайда, ТШО ке­лі­­­сімшарттар мен еңбек шарт­тарын бұзып, қатаң шаралар қол­дануға құ­қы­лы, – деп мәлімдеді Р.Арты­ғалиев. Атырау облысында бүгінде 923 адамның індет жұқтырғаны анық­талды. Оның 809-ы – Теңіз кен орны жұмысшылары. Бүгінгі таңда об­лыс басшысы М.Досмұхамбетов ай­мақтағы жағдайға байланысты шұғыл шешімдер қабылдап, індеттің жайылуына жол бермеуге барлық құрылымды жұмылдырып отыр. Аймақ басшысы Махамбет Дос­мұхам­бетов тұрғындарға Үндеу арна­ды. Ол Атырау өңірінде қатерлі індет қаупінің сейілмей тұрғанын айтты. «27 сәуірден бастап біртіндеп ка­рантиндік талаптарды жеңілдете бас­тадық. Көптеген саланың жұ­мыс істеуіне кезең-кезеңмен рұқ­сат бердік. Қазіргі кезде 3 700-дей нысан ашылып, 70 мыңдай адам қа­лыпты жұмысына кірісті. Бүгін бұл көрсеткіш артты. Эпиде­мио­ло­гия­лық ахуал тұрақтанса, каран­тин­дік та­лаптарын жеңілдетуді жалғас­тыра­мыз. Облыстың бас мемлекеттік сани­тар дәрігері карантиндік талап­тарды 8 маусымға дейін ұзартуға қа­тысты қаулы шығарды. Бұл – ай­мақ­­тағы эпидемиологиялық ахуалды негіз­ге ала отырып жасалған шешім. Сонымен қатар Мақат ауданының Мақат кенті мен Жылыой ауданына карантин енгізілді. Себебі аталған елді мекендерден инфекция жұқ­­­тыр­ған адамдар анықталды. Мұ­ның бәрі босаңсуға әлі ерте еке­нін көрсетеді», – деген аймақ бас­­шысы М.Досмұхамбетов меди­ци­на қыз­мет­керлері мен полиция қыз­мет­кер­лері бастаған алдыңғы қатарда жүр­ген бар­лық сала мамандарына алғыс айтты.  

 width=

   

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,  Атырау облысы