Адамдарды кішкентай кездерінен денсаулығын ойлауға үйрету керек. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осындай ұсыныс айтты.
«Біз 2010 жылдан бастап денсаулық сақтаудың бірқатар бағыттарын, аталған нысандардың экстенсивті тиімділігін оңтайландыруға басымдық бердік. Нәтижесінде мыңға жуық инфекциялық төсек-орын қысқартылды. Биологиялық қатерді қаперге ала отырып, Үкімет белгілі бір бағыттар бойынша денсаулық сақтау жүйесінің артық екендігіне және оларды сыни жағдайдарға дайын ұстап тұруға қатысты мәселені қарастыру қажет», - деді Мемлекет басшысы.
Президент азаматтардың денсаулығын қорғау үшін превентивті медициналық-санитарлық шараларды қабылдауға бірінші кезекте назар аудару қажеттігін баса айтты.
«Әрине, бір жағынан біз ауруханалар салуымыз қажет. Бұл - азаматтарымыздың денсаулығын қамтамасыз ету және қорғау мәселесі. Бұл - үлкен стратегиялық міндет те. Екінші жағынан, Денсаулық сақтау министрлігі және өзге де тиісті ведомстволар адамдарды кішкентай кездерінен өз денсаулықтарына қамқорлық танытуға оқытуы, азаматтарымыздың денсаулығын қорғау бойынша санитарлық-медициналық шараларды қабылдауы қажет», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.