Алматыда балалардың жазғы лагерьлері ашылмайтын болды
Алматыда балалардың жазғы лагерьлері ашылмайтын болды
202
оқылды
Биыл Алматыда мектеп жанындағы және қала сыртындағы балалар лагерлері ашылмайтын болды. «Жаздық лагерлер ұйымдастырылмайды. Жедел штаб осындай шешім қабылдады. Себебі, демалыс орындары қаланың сыртында, облыс аумағында орналасқан және олардың басым бөлігі жекеменшік. Біз балаларымыздың денсаулығына қауіп төндірмеуіміз керек. Сондықтан лагерь жұмыс істемейді»,– деді шаһар басшысы. Сонымен қатар, ол кинотеатрлардың да әлі ашылмайтынын тілге тиек етті. «Ойын сауық орталықтары мен кинотеатрларды ашуға асықпау керек. Себебі ол халық көп жиналатын жабық орын. Әр сеанс сайын дезенфекциялық жұмыстар жүргізу керек. Бұған барлық кинотеатрлар дайын деп айта алмаймын. Бұл індеттің таралуына жол береді. Біз қазір карантиндік шараны өткізіп жатқандықтан, бұдан әзірше бас тартамыз», - деді ол. Бұған дейін Бақытжан Сағынтаев санитарлық талапты орындамаған сауда нүктелерінің қайта жабылатынын айтқан болатын.