Андреа Бочелли коронавирусты қалай жұқтырғанын айтып берді
Андреа Бочелли коронавирусты қалай жұқтырғанын айтып берді
303
оқылды
Италиялық опера әншісі Андреа Бочелли қалай коронавирус жұқтырғанын айтып берді. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бочеллидің айтуынша, вирустың белгілері мүлде байқалмаған, тек дене қызуы жоғарылаған. Сондай-ақ, ол әйелі мен екі баласының да вирус жұқтырғанын айтты.
"Коронавирустан зардап шеккендерге құрмет ретінде мен бұл туралы айтпақ-ақ қоюды шештім. Жанкүйерлерімді алаңдатқым келген жоқ, сонымен қатар, отбасымның жеке өмірін сақтауды жөн көрдім", - дейді ол.
Әншінің айтуынша, отбасы мүшелері коронавирустан наурызда айыққан.