Алматы төтенше жағдай режимі салдарынан 100 миллиард теңге шығынға батқан
Алматы төтенше жағдай режимі салдарынан 100 миллиард теңге шығынға батқан
161
оқылды
Алматы елдегі төтенше жағдай мен карантин режимі салдарынан 100 миллиард теңге жоғалтқан. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев хабарлады. "Егер қала экономикасын сараптар болсақ, онда шамамен 40 пайызы саудадан екенін көруге болады. Барлық сауда тоқтап, үй маңындағы дәріханалар мен дүкендер ғана жұмыс істеген кезде бұл әсер етпеуі мүмкін емес. Сауда 18 пайызға төмендеді," - деді Сағынтаев.
Қала басшысы кей сауда нысанының жұмыс жүйесі ашық емес екенін айтты.
"Неліктен барлық базар әлі жетілдірілмеген? Сұрақ туындайды. Қаламайды. (...) Егер құрылымда сауда 40 пайыз емес, 15 пайыз болғанда, осынша байқалмайтын еді. Сонымен қатар, көлік (қозғалыстың тоқтатылуы) шығыны бар. Бұл екі сала кері кетті. Біздің шығынымыз - 100 миллиард теңге", - деді әкім.