Санасыз ұрпақ сапасыз білімнің жемісі – Ұлттық кеңесте ұлт болашағы талқыланды
Санасыз ұрпақ сапасыз білімнің жемісі – Ұлттық кеңесте ұлт болашағы талқыланды
464
оқылды
Үшінші рет Ұлттық кеңестің отырысы өтті. Жиынның негізгі тақырыбы білім мен денсаулық саласына арналды. Қазақстан өзін алғашқы күндерден бастап зайырлы мемлекет деп жариялаған болатын және сол бағыттан әлі айныған жоқ. Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап адами капиталдың сапасын арттыру ешқашанда күн тәртібінен түскен емес. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің 2017 жылғы қаңтар айындағы Жолдауында «адами капиталды дамыту ол – заман талабы» деген болатын. Ұлттық кеңесте көтеріліп отырған мәселе тағы да Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының Елбасының саясатын  жалғастырушы тұлға екенін көрсетті. Адами капиталдың басты өлшемі – білімде екені баяғыдан белгілі аксиома. Елімізде білім сапасын артыру  саласында бірқатар ілгері істер атқарылуда. Өткен жылы баршамыз күткен «Педагок мәртебесі» туралы заң қабылданды. Заңда ұстаздарға бірқатар әлеуметтік жағдайлар қарастырылды. Қасым-Жомарт Кемелұлы 2019 жылғы педагоктардың тамыз конференциясында сөйлеген сөзінде соңғы 3 жылда ұстаздардың жалақысы кезең кезеңмен көтерілетін айтқан болатын. Мемлекет басшысының осы тапсырмасы дер кезінде шешіліп отыр. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Кемелұлының педагогикалық мамандардың мәртебесін арттыру мақсатындағы жаңа «Халық алғысы» марапатын енгізу мәселесі дер кезінде көтеріліп отыр. Қоғамда ұстаздың мәртебесін көтеру арқылы ғана, біз білімге деген көзқарасты өзгерте аламыз. Тағы да Мемлекет басшысының педкадрларды даярлау үшін арнайы педагогикалық жоғарғы орындарын құру туралы идеясы өте орынды деп ойлаймын. Өйткені жаһандық жағдайда ұлттық құндылықтарды  жоғалтып алуымыз мүмкін. Сондықтан да ұлттық педагогикалық мамандар ауадай қажет. Сонымен бірге ЖОО-ын  мәртебесіне қарай бағалау идеясы да өте орынды. Педагогикалық ЖОО бұрынғыдай ірі аймақтарда ашу керек. Баршамызға белгілі педкадрларға деген сұраныс ауылды жерлерде әлі де болса жорғары. Елдегі демографиялық үрдісті ескерсек, бұл мәселе өте өзекті. Сондай-ақ педагогикалық оқу орындарының материалдық-техникалық базасын қайта жарақтандыру идеясы біздің көңілімізге қонды. Баршамызға белгілі техникалық-кәсіптік саланың материалдық базасы 60 пайызға  ескірген. Бұл жағдайды түземей сапалы білімге қол жеткіземіз деген бос сөз.
Педагогикалық салада оқитын студенттердің стипендиясын 26 мыңнан 42 мыңға көтеру идеясы бұл болашақ мамандар үшін үлкен мотивация болар еді. Сонымен қатар оқулықтардың сапасын арттыру туралы да мемлекет басшысының назарынан тыс қалмады. Өйткені сапасыз оқулықтар сапалы білім берудегі ең басты кедергі. Сондықтан да оқулық жазудағы жауапкершілікке ерекше мән берді. Ауыл мен қала арасындағы білім берудегі алшақтықты жою туралы тапсырмасы уақтылы айтылған деп білемін. Ел халықының басым бөлігі, әлі де болса сол ауылдарда. Оларға лайықты білім беру, оқуға түскен соң олардың социализациялануы бәрі-бәрі күрделі мәселе болып тұр.
Сапасыз білім беретін «контораларды» жабу керек деген идеясы да орынды. Бұл өз кезегінде жоғары білімнің девальвацияға ұшырауына алып келді. Саны бар да сапасы жоқ. Жоғарғы оқу орындарындағы мемлекеттік гранттардың құнын 340 мыңнан 3 есеге арттыру арқылы сапалы кадрлар даярлауға жол ашады деп ойлаймын. Жұмыс атқаратын оқытушы-профессорлардың жалақысының артуына да себеп болар еді. Бұл арқылы ЖОО-нда жемқорлыққа үлкен тосқауыл қоюға мүмкіндік туады. Қорыта айтқанда адами капиталдың сапасын арттыру заман талабы. Кезінде ұлы Мұхтар Әуезов «Елмен елдің артықшылығы – ол тек білім мен өнерде ғана» деп айтқан. Сондықтан да бұл айтылған ұсыныстар мен Президентіміздің тапсырмалары тек өміршең болғай деп тілейміз.

Зулфухар Ғайпов, Жоғары көлік және коммуникация колледжінің директоры, саяси ғылымдар докторы