Алматыда Денис Тенге ескерткіш орнатылды
Алматыда Денис Тенге ескерткіш орнатылды
167
оқылды

Тура ескерткіш ашылар сәтте Денистің авторлық әні орындалып, ал жаңбыр жауып қоя берген

Алматыда кеше қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің ескерткіші орнатылды.

Олимпиада ойындары қола жүлдегерінің ескерткіші спортшы қаза тапқан Құрманғазы мен Байсейітов көшелері қиылысына қойылған. Әйгілі спортшыны еске алып, құрмет білдіруге екі жүзге жуық адам жиналған. Олардың арасында олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов, ауыр атлет Илья Ильин секілді танымал спортшылар да бар.

Ескерткішті ресейлік мүсінші Матвей Макушкин бірнеше айда жасап шыққан. Тура ескерткіш ашылар сәтте Денистің авторлық әні орындалып, ал жаңбыр жауып қоя берген. Бұл ерекше әсерлі сәт жиналғандарды да толқытпай қоймады. Спортшыны еске алуға келген көпшілік көз жасына ерік берді.

Еске салсақ, Денис Тен былтыр 19 шілдеде авто ұрыларды қолынан қаза тапқан еді. Ол өз көлігінің айнасын ұрлағандардың ізіне түсемін деп пышақ жарақатын алған. 25 жасында жарық дүниемен қош айтысқан Денис Сочидегі олимпиадада қола жүлде еншілеп, Қазақстан халқына қуаныш сыйлаған еді. Ол сондай-ақ аз ғұмырында әлем чемпионатының күмісі мен қоласын жеңіп алып, Азия ойындары, Универсиада, төрт құрлық чемпионаты сияқты беделді жарыстарда чемпион атанған.