«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша бірнеше апта ішінде 2 370 адам жұмысқа орналасты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Сіз cz.astana.kz порталының DKZ 2020 бөлімінде жобалардың тізімін қарап, өзіңізге сәйкес бос жұмыс орынын таңдай аласыз», – деп жазды қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрова өзінің Телеграм арнасында.
Сонымен қатар, бұл қызметті офлайн режимде алуға болады. Ол үшін Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы жұмыспен қамту орталығына онлайн-кезекке тұру қажет. Әрі қарай маман бос жұмыс орындарының тізімін ұсынып, жұмыс іздеуші ретінде тіркейді және әңгімелесуге жолдама береді.
Толық ақпаратты «Атамекен» ҰКП мобильді жұмыспен қамту орталықтарынан, мына мекенжайлар бойынша алуға болады: Бөгенбай батыр даңғылы, 6/5; Алаш тас жолы 31/1; Гете көшесі, 1; Н. Тілендиев даңғылы 24; Абылайхан даңғылы, 31; Ш.Уәлиханов көшесі, 24; Қабанбай батыр даңғылы, 21; Шалкөде көшесі, 1.