Павлодар облысы Ақсу полиция бөлімінің полицейлері ет ұрлады деген күдікпен ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға ет ұрлығы туралы арызбен мекеме директоры келді. Қаскүнем Ленин көшесіндегі дәмханада бола тұра, бөлмеге заңсыз кіріп, қосалқы бөлмеден 15 келі ет, үш комплект шампур және екі темір тор алып шыққан. Тәртіп сақшылары күдіктіні ізін суытпай ұстады.
Күдікті 36 жастағы Ақсу қаласының жұмыссыз тұрғыны екен. Ер адам өзінің әрекетін дәмді кәуап жегісі келгенімен түсіндірді. Енді оған заң алдында жауап беруге тура келеді.