Қостанай және Түркістан облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Қостанай облысында 29 мамырда таңертең және күндіз найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метрге жететін жел соғады.
Түркістан облысында 29-30 мамырда кей жерлерде шығыстан 15-20 м/с жел соғады.
Екі облыста да болжамның дөп келу ықтималдылығы - 90-95%.