Теңіз кенішіндегі карантин ұзартылды
Теңіз кенішіндегі карантин ұзартылды
© сурет интернеттен алынды
200
оқылды
Атырау облысының Теңіз кенішіндегі карантин мерзімі 12 маусымға дейін созылды. Бұл туралы облыстық бас санитарлық дәрігер Темірбек Мұсағалиевтың қаулысында айтылған.
«Теңіз кенішіндегі карантин 29 мамыр сағат 00:00-ден 12 маусым күнгі түнгі сағат 00:00-ге дейін созылады. Осыған байланысты мұнда көліктің кіріп-шығуын шектеу сақталады. Кен орны аумағында адамдардың кешкі сағат 21:00-ден таңғы сағат 5:00-ге дейінгі аралықта жүруі шектелген», - деп жазылған Қаулыда.
Полиция қызметкерлері карантин шарасының сақталуын қадағалау үшін видеокамерамен қабатаралық, бөлмеаралық қозғалысты бақылайды. Сондай-ақ, полицейлер «Оңтүстік Теңіз», «Жаңа Теңіз», «Ватернас», «Мажар қалашығы» секілді вахталық кенттерде карантиннің бұзылмауын қадағалауды жалғастырады.