Америкалық отбасы асырап алған қазақ қызы Семейден анасын тапты
Америкалық отбасы асырап алған қазақ қызы Семейден анасын тапты
309
оқылды
Америкалық Асия Бергер өзінің Қазақстандағы туған анасын тапты, деп хабарлайды zakon.kz.
"Мен туған анаммен қайта қауыштым және біз өте қуаныштымыз! Көмектеріңіз үшін бәріңізге рахмет !!!", - деп жазды бойжеткен Facebook-тегі жазбасында.
Естеріңізге сала кетейік, 27 мамырда әлеуметтік желілерде америкалық отбасы асырап алған қыз Қазақстандағы ата-анасын іздейтіні туралы ақпарат тараған. Қыз 2000 жылы Семей қаласында дүниеге келген, 2001 жылы оны америкалық отбасы асырап алып, Асия Бергер деген есім берген. Жаңа отбасында оның бір әпкесі мен бір сіңлісі бар, ол - үйдегі ортаншы қыз. Қазір ол Флоридада тұрады және колледжде оқиды. Оның туған кездегі аты-жөні Салтанат Ашқынова болған екен.