Сенбі күні Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда облыстарында аптап ыстық болады, – деп хабарлайды Қазгидромет.
«30 мамырда Қазақстанның басым бөлігі әлі де жоғары қысым аумағында болғандықтан, күн райы ашық болады. Тек еліміздің солтүстік, батыс және шығыстағы облыстарының жекелеген аудандарында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғады», делінген болжамда.
Жамбыл облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, күндіз кей жерлерінде жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Түркістан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Маңғыстауда желдің 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысында шаңды дауыл соғады. Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында, Қостанай, Қызылорда облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық болады.
Павлодар облысының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.